Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Арман» № 4 Балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад № 4 «Арман» при отделе образования города Степногорска

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедтің ұсынысы

Логопед - тіл бұзылысы бар балаларды анықтап, баланың жеке – дара  ерекшеліктерін, тіл бұзылысының  түрін ескере отырып жағымды  психофизикалық жағдайда жан – жақты түзету жұмысын жүргізу арқылы баланың сөздік қорын дамытады.

Балаларды логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты -  тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің дамуы деңгейін анықтау.

Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-  құралдардың көмегімен логопедтің басшылық етуімен жүзеге асады. Әр бала жеке -дара  тексеріледі. Логопедиялық тексерісте оқушының артикулияциялық аппараты, сөздік  қоры, дыбысты дұрыс айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысын сөйлеу тілін түсіну , жалпы тіл байлығы тексеріледі. Тексеріс барысында баланың мінез-құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады.

Инеше

Мақсаты: тілді жіңішкертіп, осы қалыпта ұстауды үйрену.

Сиптамасы: ауызды ашып, тілді шығарып, тілді жіңішкеткен қалыпта 1-ден  5-10  дейін ұстап тұру.

Назар аударыңыз : тіл ерінде жатпайды, ерінге тимейді, алға қарай созылады.

Кеме

Мақсаты: тілді үстіңгі тістердің артына қоюды үйрену. Тілдің  бұлшықеттерін бекіту.

Сипаттамсы: күлімсіреу, ауызды кең ашып, тілдің тістердің артына тіреп қою. 5-10 секунд ұстап тұру.

Назар аударыңыз: тілдің екі жақ шеттері « кесе» жаттығуын дағыдай үстіңгі шеткі тістерге тимеуі мүмкін. Егер сіз балаға «ы, ы,ы» дыбысын тілдің ұшын үстіңгі тістер аздап батырып әндедіп айтқызсаңыз «л» дыбысы шығуы мүмкін.

Гармошка

Мақсаты: тілдің бұлшықеттерін бекіту, ал тіл асты байланысын созу. Сипаттамасы: күлімсіреп, ауызды сәл ашу, тілді таңдайға жапсырып, ауызды ашып жабу. Бұл арқылы тіл асты байланысы дамытылады.


Текст