Ақмола облысының білім беру ұйымдарында халықтың әлеуметтік осал топтарындағы мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер болды.
2025 жылғы 15 шілдеден бастап Қазақстанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 523 қаулысы күшіне енді, онда азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына маңызды толықтырулар енгізілді. Құжат табысы төмен отбасыларды қолдаудың жаңа шараларын көздейді
Жаңа редакцияға сәйкес тамақтану шығындарының өтемақысымен:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- мүгедектігі бар балалар;
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен балалары;
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардың балалары, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардың балалары;
Енді атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар көп балалы отбасылардың балалары, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары мектепке дейінгі ұйымдарда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Мұндай балалардың тамақтану шығындары толық көлемде (100%) жергiлiктi бюджеттер есебiнен өтеледi. Бұл шешім мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Әлеуметтік көмекті алу алгоритмі осы қаулының 6 тармағында сипатталған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларынан шыққан тәрбиеленушілерді тегін тамақтандыру бойынша тізімге қосу туралы шешім білім беру ұйымының алқалы органы (ұйымның Қамқоршылық кеңесі)