Абай Құнанбайұлының қара сөздері ұлтжандылықты, прагматизмді, білім мен басқа құндылықтарды бала бойына сіңіру тәсілі ретінде
Абайдың қара сөздері секілді ұлы туынды тәрбиелеу мәселелерін, ұлтжандылықты, дүниетанымды, әдеп пен құқықты қамтитын ғибраттар мен трактаттардан тұрады. Ұлы ағартушының көп өсиеті әлі күнге дейін өзекті. Қазіргі қазақстандық білім беру-тәрбие жүйесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың аясында Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негізіне сүйенеді. Осы тұжырымдамаға сәйкес оқытудың барлық кезеңінде балалардың тәрбиелеудің негізгі бағыттары айқындалды: бәсекеге қабілеттілікті дамыту; прагматизмді тәрбиелеу; ұлттық сәйкестікті сақтау; білімді дамыту; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; Сананың ашықтығы. Осы бағыттың бәрін дамыту қоғам санасын жаңғыртуға және осы арқылы еліміздің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Осы бағыттың көбін Ұлы Абайдың қара сөздерінен табуға болады. Абай Құнанбайұлының қара сөздері Тұжырымдамалық негіздемеде қарастырылған тәрбиелеудің негізгі бағыттарының бірін сипаттайды. Мысалы, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру, бұл қазақ халқының тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын белсенді зерттеуді қарастырады. Сондай-ақ бұл месседж этникааралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа қабілеттілікті талап етеді. Осының бәрі Абай Құнанбайұлы қара сөздерінің отыз тоғызыншы сөзінде айтылған, яғни ұлттық құндылықтан айырылу себебін баяндаған.
Тағы бір басым бағыт – білімге табыну. Бұл таным мәдениетін дамытуды, жаңа нәрсені зерттеуге деген ынтаны, рухани жетілуге деген ұмтылысты қажет етеді. Абайдың отыз екінші қара сөзінде ғылым жолы туралы айтылады. Тұлғаның негізгі қасиеттерінің бірі ретінде прагматизмді тәрбиелеу жөнінде он бесінші сөзде айтылады. Ұлтжандылық туралы айтылған нақты қара сөз жоқ, бірақ ұлы Абай қазақ жеріндегі әр баланы ұлтына қарамастан жауапты азамат әрі ұлтжанды болуға шақырған.
Тәрбиелеу мәселесінде қара сөздер жақсы дидактикалық ресурс бола алады. Абайдың мақал-мәтелге негізделген 37-ші сөзіндегі 23 ақиқат жақсы үлгі болуы мүмкін. Педагог Абайдың ойын балаларға қызықты етіп жеткізіп, Сөздерді зерттеп, оларды педагогикалық қызметте сәтті қолдануы үшін ортаңғы, ересек және даярлық тобының тәрбиеленушілері арасында түрлі конкурстар өткізуге болады.