АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Халықтың ұлы байлығы – оның тілінде» атты тілдер онкүндігін өткізу бойынша №4 «Арман» балабақшасының есебі.

«Халықтың ұлы байлығы – оның тілінде» атты тілдер онкүндігін

өткізу бойынша  №4 «Арман» балабақшасының есебі.

2021-2022 оқу жылы

        Тіл – халықтың тұтқасы, тірегі, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Осында тұратын барлық ұлттардың татулығы мен берекесі бір. Тіл таусылмайтын байлық. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде.  

          Мәртебелі  тілді ұлықтаған жиындардың мақсаты бір. Мемлекеттік тілдің негізгі факторы екенін ұғындыру. Елбасы Жолдауында да «ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп шегелеп айтқан болатын.

         Біздің балабақшада тілдер онкүндігі білім бөлімінің жоспарлаған тақырыбы бойынша өткізілді.

        Балабақшадағы  ересектер мен мектепалды даярлық топтары үшін  «Тіл – достықтың мерейі» атты іс-шара жоспарланып өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты – тіл туралы мағлұматтармен бөлісу, басқа да тілдерді  құрметтеу, сөз байлығын кеңейту,  қазақ және орыс тілінде өлең жаттату, балалардың тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, балалар арасындағы махаббат, тілге деген қызығушылық, достық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу.

        Жоспар бойынша  біздің  балалар ересектер мен мектепалды даярлық топтары үшін «Отан, тіл және білім  - болашақтағы тірегім» атты мақал-мәтелдер сайысына қатысты. Балалар мемлекеттік тілде Отан, тіл, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттады. Қалалық сайысқа біздің балабақшадан мектепалды даярлық тобынан Фокина Кристина қатысты.

        Қызметкерлердің арасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған челлендж өткізілді. Тәрбиешілер мен мамандар Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жаттады. «Ыбырай салған сүре жол – ұрпаққа өнеге» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақ тілі кабинетінде көрме әзірленді.

        Барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді. Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушылар балаларды Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық ойындарымен таныстырып, ойнатты. Ересек және мектепке даярлық топтарда «Тіл-халықтың жаны» атты тақырыптық сабақтар өткізілді. Әр топта тәрбиешілер туған қала туралы бейнеролик жасап, сайтқа орналастырды. 

Жаңартылған күні: 23.09.2021 15:10
Құрылған күні: 23.09.2021 15:10

Текст