АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар кезеңінде мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

 

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп басшыларына:

Балаларды мектепалды даярлыққа қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында:

-қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, ата-аналар/балалардың заңды өкілдері) бейнесабақтардың басталу күнін көрсете отырып, мектепалды даярлық балаларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы хабардар болуын;

— қашықтықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында интернет-ресурстар, (вацап), байланыстың қолжетімді түрлерінің тізімін мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының педагогтерінде қалыптастыруды;

— сауат ашу (аптасына 2 сағат), математика (аптасына 2 сағат) және қоршаған ортамен танысу (аптасына 1 сағат) бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарының кестесін педагогтердің құрастыруын;

— өткен материалдарды ескере, педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды, карточкаларды кеңінен қолдана отырып, бір айға қашықтықтан оқыту (бейнеоқыту) сабақ конспектілерін әзірлеуін;

— бейнесабақтар орналастырылатын, мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагогтері әлеуметтік желілерде (Whatsаpp чаттар, контактіде және телеграммда) топ құруды;

— ата-аналармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін, ата-аналар педагогке баланың орындаған тапсырмаларын жіберуі үшін, сондай-ақ сабақ барысында, баланың бейнесабақтарды қабылдауы туралы және т.б. барлық нақтылайтын сұрақтарды жолдаулары үшін кері байланыс жасауды ұйымдастыру.

 

 

Басшылардың орынбасарларына, әдіскерлерге:

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;

— мектепалды жасындағы балаларды педагогтермен бірге қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету;

— педагогтың бейнесабақтарына мониторинг жүргізу және балалармен, ата-аналармен кері байланыс жасау;

— жұмысты ұйымдастыру туралы қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтердің, тәрбиеленушілердің, білім алушылардың, ата-аналардың/балалардың заңды өкілдерінің) жылдам хабардар болуына ықпал ету;

-балаларды қашықтықтан оқыту нәтижелері туралы педагогтермен ағымдағы айдың әрбір 10 күнінде бейнеталқылау өткізу.

 

Педагогтерге:

— қашықтықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, үнемі бейнесабақ конспектілеріне түзету жұмыстарын жүргізу;

— сабақ конспектілерін және бейнесабақтарды басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, әдіскермен келісу;

— бекітілген қашықтықтан оқыту кестесіне сәйкес бейнесабақтарды өткізу;

— тәрбиеленушілер мен ата-аналар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;

— қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен нақты кері байланысты қамтамасыз ету;

-жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті бейнеконференцияда хабардар ету.

 

Ата-аналар немесе тәрбиеленушілердің заңды өкілдері:

— сабақ кестесімен (ҰОҚ), қашықтықтан оқытуды өткізу процесімен танысады;

— Whatsapp чаттар, телеграмм және т. б. арқылы педагогтермен күнделікті байланыста болады;

— қашықтықтан оқыту үшін балаларға уақытылы жағдай жасайды, тәрбиеленушіге бақылауды жүзеге асырады;

— бейнесабақ (бейнежазба, фото және т.б. ) процесінде орындалған тапсырмаларды күн сайын педагогке ұсынады.

Жаңартылған күні: 05.05.2020 10:27
Құрылған күні: 05.05.2020 10:27

Текст