"№4 Арман балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1986 жылдан бастап Целинный тау-химия комбинатының № 14 "Буратино" балабақшасы ретінде жұмыс істейді.
1992 жылы балабақша қалалық білім бөлімінің ведомствосына ауысты. 2004 жылы № 4 "Буратино" мектеп – балабақшасы мемлекеттік мекемесі құрылды, 2008 жылдың 11 ақпанынан бастап № 4 "Буратино"балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
2018 жылы № 4 "Арман" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді»
Уәкілетті орган: "Степногорск қаласының білім бөлімі" ММ»
Кәсіпорынның құрылтайшысы: Степногорск қаласының әкімдігі
Материалдық-техникалық базаның сипаттамасы: ғимарат - 1, екі қабат, жалпы алаңы – 3785,7 ш. м., жылу орталықтандырылған, сумен жабдықтау – орталықтандырылған, орталық кәріз.
- бассейн-1,
- музыкалық зал - 1
- спорт залы-1
- қазақ тіл кабинеті - 1
- психолог кабинеті - 1
- "өзін-өзі тану" кабинеті -1
- медициналық кабинет - 1 (емшара, изолятор)
Мектепке дейінгі білім берудің басым салалары бойынша тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік кабинет,музыкалық және дене шынықтыру залдары;түзету жұмыстары үшін – мұғалім-логопед және педагог-психолог кабинеттері жеткілікті "№ 4 «Арман» балабақшсы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның жақсы материалдық-техникалық базасы бар. Балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігіне жағдай жасалған:"Білім планетасы"табиғи нысандардағы тәжірибе мен зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтармен, қазақ әшекейлерінің шағын-мұражайы,балалар шығармашылық галереясы "Бұл әлем қандай тамаша!" тақырыптық бұрыштар мен материалдары кезең – кезең болып өзгеріп отырады -"Бала құқығы","Мектепке дейінгі баланың қауіпсіздігі","Біздің Отанымыз Қазақстан" және т. б.
Балабақша аумағында әртүрлі бұрыштарға – ормандарға, бақшаларға, дәрілік шөптерге,альпілік төбешіктерге,емен аллеясына және т. б. барумен экологиялық соқпақтар құрылған.
Балабақшада білім беру үрдісінде қатысушыларды біріктіретін өз дәстүрлері бар:
*балабақшаны безендіруде тәрбиеленушілер мен педагогтардың ұжымдық шығармашылығы
*ББ педагогтар мен ата-аналар балалармен бірлесіп іс-шаралар өткізу
* ұжымдағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру және ББ оң микроклиматын құру
•ата-аналардың бірлігі және мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің арасындағы өзара түсіністіг.і
*қоршаған ортаға ұқыпты қарау және балабақшаның көгалдандыруына қамқорлық жасау.