АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің бүгінгі сәбилеріміз – елдің ертеңгі иелері

10.10.2023

Баланы екінші тілге үйрету, жаңа тілдік деңгейге қалыптастыру өте қиын. Біздің бүгінгі сәбилеріміз – елдің ертеңгі иелері. Кез келген қоғамдағы азаматтықты және патриотизмді тәрбиелеудің мағызды факторына өз елінің мемелекеттік тіліне деген құрмет сезімі жатады. Бала тілді меңгеруді неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оны жеңіл меңгереді. Балалардың қазақ тілін үйренуі тиімді және сәтті өтуі үшін, тілді үйрену жұмыстары мақсатты түрде өтуін ұйымдастыру қажет және қолайлы жағдай жасау керек.

Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілін үйрену үшін, ересек адамдармен тығыз байланыста болу қажет. Сондықтан әр ересек адам  баламен көлікте, көшеде, көпшілік жерлерде қазақша сөйлеуді ұйымдастырып тұрса, баланың қазақ тіліне деген қызығушылығы артады. Таңертең, бала ұйқыдан тұрғанда  - Қайырлы таң! Көңіл-күйің қалай? – деп сұраған жөн. Балабақшаға барар кезде балаларға өз киетін киімдерін қазақша айтқызған дұрыс, егер бала айта алмаса ата-ана қазақша айтып, балаға қайталатса, еңбек нәтижелі болмақ.

Тамақ ішер алдында ыдыстардың, тағамдардың атауын қазақша айтып, балаға қайталатқан дұрыс. (Мысалы: қасық, шанышқы, пышақ, кесе, нан, сүт, май,қант, ірімшік). Бала тамақ ішер алдында «Ас болсын!» деп айтуды әдетке айналдырған жөн. Кешкілікте баламен бірге «Отбасы» тақырыбында ата, әже, ана, әке, аға, іні сөздерін қолданып, балабақша тақырыбында тәрбиеші, аспаз, күтуші, ұл, қыз сөздерін қолданып, ойын ойнауға болады. Отбасы жағдайында қазақ тілі бойынша білімдерін бекіту үшін, келесі ақыл-кеңестерді береміз:

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аудару.
  2. Дыбыстарды дұрыс айтуды бекіту үшін үйде сөздіктер (дәптердегі) үйренген сөздерге, сөз тіркестеріне, жай сөйлемдерге қатысты суреттерді салып немесе жабыстырып ойнауға болады.
  3. Қазақ тілінде  сөйлеуді дамыту үшін әртүрлі ойындар ойнауға болады:
  •  Сөздік «Қазақша айт», «Мынау кім? Мынау не?», «Аудармашы».
  • Үстел үсті баспа ойындары «Бақшада», «Бақта», «Орманда», лотоның әртүрлері /ыдыс, үй жануарлары, киімдер және т.б./;
  • Сюжеттік-рөлдік ойындар «Балабақшада», «Қонақтарды күтеміз»,  «Әжеде қонақта», «Дүкен» және т.б. 
  1. Балаларға арналған кітапшалармен үй кітапханасын толықтырған дұрыс.
  2. Балабақшада үйренген ән, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдерді жиі қайталап тұру.
Просмотров: 1330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст