Ата-аналарға қазақ тілін үйренуге көмек ретінде ұсынылған
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мақал-мәтелдер:
1. Жаман айтпай,жақсы жоқ.- Нет худа без добра.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.- Семь раз отмерь, один раз отрежь.
3. Жұт жеті ағайынды.- Беда не приходит одна.
4. Темірді қызған күйде соқ. –Куй железо пока горячо.
5.Көз қорқақ, қол батыр.-Глаза боятся, руки делают.
6. Ұста пышаққа жарымайды.- Сапожник без сапог.
7. Не ексең, соны орасың.- Что посеешь, то и пожнешь.
Жаңылтпаштар:
1. үйе маған шұбат береді,
шұбат маған қуат береді.
2. Қар ақ, мақта да ақ.
Мақта қардай аппақ
3. Ала қарға қарға қонды.
Қара қарға жарға қонды,
4. Доп,доп,доп
Қызыл,жасыл,көк.
Доп,доп.
Бұдан жүйрік жоқ.
5.
Есет аға ет асатар,
ет асатса көп асатар.
Тыйым сөздер:
1.Дастарханды,тамақты баспа.
2. Бетіңді баспа.
3. Табалдырықты баспа, отырма.
4. Бос бесікті тербетпе.
5. Үлкендердің жолы кеспе, сөзін бөлме.
6. Адамға қарап түкірме, есінеме.
7. Ата-анаңа қарсы келме.
Жұмбақтар:
1. Өзі ақ, тәтті болады,
Аузыңа салсаң еріп қалады. (қант)
2. Секіреді, жүгіреді,өзі қорқып жүреді. (қоян)
3. Жаздай жүріп балға тояды,
қыстай тәтті ұйқыға тояды. (аю)
4. Сұйық, бірақ су емес,
Ақ, бірақ қар емес. (сүт)
Ертегілер:
Ертегілер-халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі. Оны халықтың ауызша тараған көркем әңгімесі десек те болады. Қазақ ертегілері үш топқа бөлінеді: қиял ғажайып ертегілері, хайуанаттар ертегілері,тұрмыс-салт ертегілері. Мысалы, « Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен ешкі», «Үш жалқау».
Қазақ тілі сабағында сонымен қатар балалармен ұлттық ойындарда көп ойналады. Көбінесе ұлттық мерекелерде және дене шынықтыру сабақтарында ойналатын ойындар; «Ханталапай», «Көкпар», « Қыз қуу», «Арқан тарту», «Аударыспақ»,»Тақия» және т. б. Музыка жетекшісімен де бірлесіп « Тіл мерекесі», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз» мейрамдарын өткізіміз. Ән-күй сабағында балалармен тек қана мерекелік өлең жаттап шектелмейміз, сонымен қатар ұлттық әндерге де көңіл аударамыз.
Мысалы; «Әлди,әлди ақ-бөпем, Қуыр, қуыр, қуырмаш. Сазгер-ақындардың өмірбаяны мен ұлттық аспаптарымен де таныстырамыз.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деп елбасымыз айтқандай,қазақ тіліне құрметпен қарап және жоғары деңгейде үйренушілер қатары көбейсе, ол- біз ұстаздар үшін үлкен мәртебе. Өйткені әрбір халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады.