АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар мен жасөспірімдердің қант диабетінің алдын алу бойынша жадынам

17.11.2020

Қант диабеті – ұйқы безі жеткілікті инсулин (бұл қандағы қант мөлшерін реттейтін гормон немесе глюкоза) шығармаған кезінде немесе ағза өзі шығарған инсулинді тиімді пайдалана алмайтын кезінде дамитын созылмалы ауру.

Бағалау бойынша, 2014 жылы диабетпен бүкіл әлемде, 1980 жылы 108 миллионға қарағанда, 422 миллион ересек адам зардап шекті. Диабетпен (жасына қарай стандартталған) сырқаттанушылықтың жаһандық деңгейі 1980 жылдан бастап екі есе дерлік өсіп, ересек тұрғындар арасында 4,7%-дан 8,5%-ға дейін өсті. Бұл артық салмақ немесе семіздік сияқты ілеспе тәуекел факторларының өсуін көрсетеді. Диабетпен ауыратын адамдардың көпшілігі 2 типті диабетпен ауырады, бұрынырақ диабет тек ересек адамдар арасында байқалатын, бірақ қазір балаларда да кездеседі.

Әрбір адам дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, қалыпты дене салмағын сақтау, темекі мен алкогольді тұтынудан бас тарту арқылы диабет ауруының алдын алуға немесе кейінге қалдыруға, оның пайда болу қаупін төмендетуге болатынын білуі тиіс.

Салауатты халықты қалыптастыру үшін – балалар мен жасөспірімдерде, диабет ауруының алдын алуға бағытталған, дер кезінде алдын алу жұмыстары үлкен маңызға ие.

Ата-аналар диабетті алдын алу шараларын мүмкіндігінше ертерек бастау қажет екенін ескерулері керек. Балалар, әдетте, өте белсенді және жігерлі, яғни дамып келе жатқан аурудың алғашқы белгілерін байқау қиынға соғады. Кез-келген бала емделуді жақсы көрмейді, сондықтан ата-анасына өзінің ауруы туралы айтпайды.

Қант диабетінің алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар бар, оларға назар аудару керек:

· Күн тәртібін сақтау;

· дұрыс тамақтануды ұйымдастыру. Тамақ ішу күніне кемінде 3 рет жүзеге асырылуы тиіс. Баланың рационына баяу көмірсуларды қосу ұсынылады: бұршақты дақылдар, жапырақ көкөністер, бірақ тәттілер, кәмпиттер, шоколад, тәтті нандар және қатты қант қосылған газдалған сусындарды жиі бермеңіз. Барлығы мөлшерімен болуы керек.

Егер сізге балаңыз қауіп тобына кіретіні немесе қандағы қант деңгейінің құрамы мәселелері бар екені белгілі болса:

· тұрақты физикалық жүктемелер. Компьютер ойындарының орнына, бірлескен таза ауадағы белсенді ойындар тамаша нұсқа болып саналады;

· ас мәзірінде көкөністердің, жемістердің, жаңғақтардың, бұршақ тұқымдастардың болуы;

· иммунитеттің жоғарлауы;

· күйзелісті болдырмау (баланы отбасындағы жанжалдан және оны қатты уайымдатуы мүмкін жағдайлардан алшақтату);

· шылымға тиым салу. Бұл жасөспірімдерге қатысты, олар өзін көрсету мақсатында темекі шегуді бастаулары мүмкін, ал ол жас ағзаға міндетті түрде зиянын тигізеді. Сондай-ақ ағзаға түсетін никотин диабеттің дамуына және оның кейінгі асқынуларына әсер етеді;

· тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген емханада мерзімді тексерулерден өту. Әсіресе, ол жақын туыстары арасында қант диабетімен ауратын адамдар бар болса өзекті.

Құрметті ата-аналар, балалар мен жасөспірімдерде қант диабетінің ерте алдын алу – аурудың алдын алуға және оның пайда болу қаупін төмендетуге көмектеседі.

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст