Текст
Өмірдің өзі ересектерге ғана емес, мектеп жасына дейінгі балаларға әртүрлі сипаттағы қауіпті жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету қажеттілігін дәлелдеді. Сондықтан бірнеше жылдар бойы тәрбиеленушілерде өмір қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жаңа идеяларды қалыптастыру, сондай-ақ балаларды қоршаған әлемге бейімдеу ойын барысында әлдеқайда сәтті болатындығы дәлелденді. Сондықтан біздің мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлері оқушыларда өмір қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру үшін әңгімелер, "Өрт сөндірушілер", "Құтқару қызметтері" сюжеттік - рөлдік ойындарын ұйымдастыруы кездейсоқ емес