АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог-ассистенті лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

10.02.2026

Хабарландыру 
мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
 Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының № 4 "Арман" балабақшасы " МКҚК . Мекен-жайы: 021500 Ақмола обл. Степногорск қ. 7 ш / а.  9 ғимарат
  armandetskiisad@yandex.kz
 тел. 8(716) 45-5-83-05 бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
Уақытша бос лауазымға орыс тілінде оқытатын педагог ассистент 
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 10 ақпаннан 18 ақпанға дейін
2026 жылғы 19 ақпанда " № 4 "Арман" балабақшасы " МКҚК әдістемелік кабинетінде конкурстық комиссияның отырысы өтеді - кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың Педагог-ассистенті
   Лауазымдық міндеттері: 
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
      балалардағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын жасауға қатысады;
      білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктері бойынша шектелген жағдайда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетеді;
      оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмысы процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру динамикасын хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингілеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі жағдайларын сақтайды;
      белгіленген нысан бойынша есепті құжаттаманы жүргізеді.
       Білуі керек: 
       Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Бала құқықтары туралы конвенция", Қазақстан Республикасының" Білім туралы"," Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы"," арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы "(бұдан әрі – "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы"),"Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау туралы" Заңдары, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"," Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;
       педагогикалық этика нормалары; 
      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер.
       36. Біліктілікке қойылатын талаптар: 
      жоғары педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
      және (немесе) біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
      және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
       1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты – 720 x 480 болатын өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст