29.05.2026
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы»
89, Орта білім беру ұйымдарындағы лауазымдарға педагогтарды тағайындау конкурсы «Педагогты жұмысқа қабылдау» модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) электрондық форматта жүзеге асырылады.
91, Модуль жүйесінде техникалық ақау мен іркіліс болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның хаты негізінде орта білім беру ұйымдарында педагогтарды тағайындауға конкурс қағаз форматында өткізуге жол беріледі.
113. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрде жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып - болған жағдайда);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психикалық мінез-құлқы бұзылған науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер (бар болса) біліктілік санатының болуы туралы куәлік немесе CELTA (Certificatein English Language Teaching to Adults) сертификаты. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, немесе айелтс (IELTS) - 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) - 60 - 65 балл;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидатты бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.
114, Кандидат бар болса, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер мен дәрежелер, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.