Текст
Балаларды жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелеріне оқыту мектепке дейінгі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Сондықтан балалармен жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру үшін күнделікті жұмыс қажет. Баланы әртүрлі жағдайларда жазатайым оқиғалардан қорғау үшін оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету керек.
Әр түрлі жастағы топтарда педагогтің шығармашылық ұйымдастырылған іс-әрекеті барысында балалармен көшеде, көлікте, балалар алаңдары мен саябақ аймағында бастапқы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелер мен ойын жағдайлары жүргізілді.