Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының  «Арман» № 4 Балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорнына
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад № 4 «Арман» при отделе образования города Степногорска

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек

19.02.2019

Кәсіптер көп қастерлі,

Алуан-алуан сыры бар.

Бейіміңді ескер де,

Таңдап соның бірін ал, демекші, өзін-өзі танудың онкүндік аясында №4 «Арман» балабақшасында ересек тобының балаларымен мамандықтар туралы сабақ өткізілді. «Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой-қиялдары дамыды, олар толық жауап беруге дағдыланды. Сабақтың  барысында балалар мамандықтың атауларымен танысып, жұмбақтарды шешті, мақал-мәтелдерді айтты. Сюжетті-рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың  қыр-сыры ашылды.  «Мамандық иелерінің құралдары» атты дидактикалық ойында балалар  әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастырды.  Балалар суретке назар аударып, сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырды,  мысалы: дәрігер не істейді? –дәрігер адамдарды емдейді; құрылысшы не істейді? – құрылысшы көп қабатты, әдемі үй салады; мұғалім не істейді? – мұғалім балаларды оқытады, т.б.

        Сабақтың соңында балалар бірігіп  ұжымдық жұмыс істеді – әр мамандық иелерінің суреттерінен коллаж жасады. Сол коллаж арқылы «Мен кім боламын?»  деп  әңгімеледі. 

Просмотров: 722


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст