АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ханталапай

15.03.2019

Ханталапай ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден 10 адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық хан деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханныңқалай түскенін бақылап отырады. Егер хан бүк, шік, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала ханның түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағы­мен итере ыр­шы­тып бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтар­ды ол өзіне алады. Ханды жатысы хандыкіндей ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал хан алшы түссе, балалар жарыса хан талапай деп дауыс­тап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. Хан кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен бо­лып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды.

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст