Текст
Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:
Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен
Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ
Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен
Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 3 сағатқа қалу керек
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері: Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз. Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз. Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз. Балаға анық түсінік беру керек.
Барлықтарыңыз білесіздер біз балабақшада бір тәрбие берсек, үйде бала басқа тәрбие алады. Сондықтан да, үйдегі тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыру қажет.