АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп жасына дейінгі балалардың еркін сөйлеуіне қазақ тілін табысты жүзеге асыру үшін интеграция негізінде педагогикалық процесті жобалау» МДҰ бойынша ҚӘБ

03.03.2023

№ 4 «Арман» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың еркін сөйлеуіне қазақ тілін табысты жүзеге асыру  үшін интеграция негізінде педагогикалық процесті жобалау»  МДҰ бойынша ҚӘБ отырысы өтті.

Мақсаты: белсенді сөздікті қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда екі тілді компонентті қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.    

           Отырыс барысында педагогтермен «Сіз мен туралы білмейсіз…» танысу ойыны,  «Сөйлемді  толықтырыңыз»  кіріспе  ойыны өткізілді.

          Отырыстың практикалық бөлігі педагогтерды қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындар арқылы екі тілді компонент балаларының сөздік қорын кеңейту тәсілдерін оқытудан тұрды.

Қатысушылардың жұмысы топтарда өтті, «step by step» технологиясы бойынша құрастырылды.

         Қазақ тілі мұғалімдері: Бекенова Самал Әнуарбекқызы, «№ 2 «Балдырған» балабақшасы» МКҚК қазақ тілі мұғалімі, «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойынымен таныстырды, Дулатова Гүлден Маратқызы, «№2 Ақсу ОМ»  КММ жанындағы «Балдәурен» ШО қазақ тілі мұғалімі,  қазақ тілінің ерекше дыбыстарына арналған гимнастиканы көрсетті, Саликова Нәзира Манарбекқызы, «№1 «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК қазақ тілі мұғалімі, «Өтпелі кілемше» дидактикалық ойынын көрсетті, Ботаева Манар Айтжанқызы, «№ 5 «Еркетай» балабақшасы» МКҚК қазақ тілі мұғалімі, мнемотехникамен таныстырды, Шапауова Сәулеш Аштайқызы, «Балауса балабақшасы» МКҚК қазақ тілі мұғалімі – «Сөйлейін ойыншықтар» дидактикалық ойынын ұсынды, «№ 4 «Арман» балабақшасы»  МКҚК қазақ тілі мұғалімі Ағатаева Бақыт Әскенқызы мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді сөздігін дамыту бойынша жұмыста Луллий шеңберлері  мен пиктограммаларды  қалай пайдалану керектігін көрсетті.

         Отырыс соңында «Балаларда екі тілді компоненттің белсенді сөздігін дамыта отырып, мен …» рефлексиясы өткізілді.

Отырысқа қатысушылар қазақ тілі мұғалімдеріне шеберлік сабағы үшін, тәрбиешілерге белсенді жұмысы үшін алғыстарын білдірді.

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст