2020 жылдың 15-16 күндері Алматы қаласында Сүлеймен Демирель атындағы Университет базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өтті. Конкурс бірнеше бағыттан тұрды. Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтармен өткізілді. Фестивальға республика бойынша 245 педагог қатысты. Барлық қатысушылар TED форматында "Таратуға лайықты идеялар" (Ideas Worth Spreading) өз жұмыстарын таныстырды. Ақмола облысынан барлығы 17 қатысушы өз бақтарын сынады.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша:
ІІІ дәрежелі диплом – Савина Светлана Викторовна, №4 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі.
Грамота - Третяк Наталья Юрьевна, №4 «Арман» балабақшасының әдіскері.
сертификат - Богданова Алла Юрьевна, №4 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі.
Фестиваль, белсенді және шығармашыл мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа ұмтылыстарға талпынғандығы бізді қуантады. Әр мұғалім өзіне көптеген тәжірибе және жаңалықтар алды деген ойдамыз. Ақмола облысының тәжірибелі әрі талантты мұғалімдерінің жеткен жетістіктеріне ортақтаса отырып, жаңа табыстар тілейміз!