Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылғы 29-31 мамыр аралығында.
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының № 4 "Арман " балабақшасы" МКҚК көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Мемлекеттік аттестаттау барысында Комиссия зерделеудің негізгі бағыттары мен объектілері бойынша Өзін-өзі бағалау материалдарына талдау жүргізді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау бойынша мектепке дейінгі ұйымның қызметі зерттелді. Балабақша өзін-өзі бағалау құрылымына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемдеріне сәйкес білім беру қызметін өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады. . Білім беру ұйымдарының қызметін бағалау кезінде балдардың жиынтық сомасы 39 балды құрады, бұл "жақсы" деңгейіне сәйкес келеді.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша "аттестатталды"деген қорытынды берілді.