Мемлекеттік рәміздер күні - бұл Қазақстанның барлық халқын біріктіретін, оның өткенін, бүгіні мен болашағын біріктіретін ерекше мереке.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткендей, кез келген елдің күші – оның халқының бірлігінде. Біз әрқашан есте сақтауымыз керек - бізде ортақ болашақ. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттілік пен бірліктің нышаны болып табылады. Бейбітшілік, жақсылық пен келісім әрқашан біздің Отанымыздың көгілдір туының астында жасасын, ал әнұранның үнімен бүкіл қазақстандықтардың жетістіктері атап өтілсін.
ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында балабақшада бірқатар іс-шаралар өтті:
2 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным» бейне-ролик шығарылды.
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - біртұтас ұлт бірлігінің ұйытқысы» сабағы өткізілді.
5 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздерім елімнің мақтанышы» атты спорттық іс-шара жүргізілді.