АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ   БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ  «АРМАН» №4 БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ДЕТСКИЙ САД № 4 «АРМАН» ГОРОДА СТЕПНОГОРСК ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп тілдер онкүндігін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша "Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі"

21.09.2020

Степногорск қаласы № «Арман» балабақшасында 07.09.20ж мен 21.09.20ж аралығында «Мәңгілік елімнің - мәңгілік тілі»  атты Тілдер онкүндігі болып өтті. Тілдер онкүндігі жоспарға сай күнде бір іс- шарамен өткізіліп отырылды.

Онкүндіктің бірінші күні салтанатты түрде ашылып, әкімшіліктің құттықтауымен басталды.Әр топтың тәрбиешілері өз қолдарыменен мерекелік қабырға газеттерін шығарды.

«Тіл әр халықтың байлығы» атты қазақ тілі кабинетінде көрме ұйымдастырылып әрі қарай өз жалғасын музыка кабинетінде толықтырды. №2 « Мультяшки» мектепалды тобының балалары «Халықтар достығы» атты би композициясын көрсетті.

Әдіскердің басшылығымен балалар суреттерінің көрмесі орталық қабырғадан өз орындарын тауып көпшіліктің көзін қуантты. Әр топта балалар тәрбиешілермен бірге бейнетаспа арқылы әр халықтың салт- дәстүрлерімен танысып, көп мәліметтер алып, өз білімдерін кеңейтті.

Дене шынықтыру нұсқаушылары да қазақтың және өзге де ұлттардың ұлттық ойындарын ұйымдастырып, балаларға ойнатты. Әрі қарай эстафетаны қазақ тілі мұғалімдері жалғастырып «Сөз шебері»  сайысың дарынды балалар арасында өткізді.         

Мектепалды топтарының арасында тақырыптық сабақтар және ертеңгіліктер өткізіліп, аптаның соңғы күні педагогтардың қатысуымен «Мәңгілік елімнің- мәңгілік тілі» атты челлендж өткізілді.

Онкүндіктің соңында қорытынды кеш өткізіліп балалармен мен қызметкерлерді белсенді қатысқандары үшін диплом мен тәтті сыйлықтармен марапаттады. Және осы өткізілген іс- шаралардың барлығы әлеуметтік желілерде және БМ сайтында фотоесеп нысанында жарияланды.

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст