Құрметті ата-аналар!
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес № 4 "Арман" СД МКҚК білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің құрылғаны және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданғаны туралы хабарлайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері кіреді;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру туралы сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз.
Әкімшілігі